Оқиға
1 мин оқу 140

Қарағандыда пәтер өртеніп, 6 адам газдан уланды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, алты адам, оның ішінде 2 бала көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қарағандыда пәтер өртеніп, 6 адам газдан уланды

6 наурызда сағат 12:33-те Қарағанды ​​қаласы, Сатыбалдин көшесі мекенжайында пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерінде 15 ш.м (тұрмыстық заттар мен жиһаздың жануы) алаңда өрт шықты. Сағат 13:09-да өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері құтқару қалпағын пайдаланып 9 адамды құтқарды. Жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицина орталығы өрт орнынан алдын ала көмірқышқыл газымен уланған 6 адамды (оның ішінде 2 бала) алып кетті», деп хабарлады министрлік өкілдері. 

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы, 6 бірлік авариялық-құтқару техникасы, сондай-ақ «АМО» ФММ 4 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу: