Ауа райы
1 мин оқу 290
Мерекелік демалыс күндері жаңбыр жаууы ықтимал
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
«9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Бұл күндері ауа температурасы республиканың батыс облыстарында 0+8 градус, солтүстігінде -4+1 градус, оңтүстігінде +10+20 градусқа дейін көтеріледі.
Бөлісу: