Аймақтар
1 мин оқу 240
Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
<p style="text-align: justify;">Павлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шықты. Асхананы жалға алып отырған 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл салынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көпшіліктің айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Айыппұл арқалаған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған.
Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілікке тартылады.
Бөлісу: