Елордалық еріктілер мереке иелеріне қызғалдақ сыйлап жүр
<p style="text-align: justify;">«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүл мен шоколадпен қуантып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаланың тығыз қоныстанған жерлеріне жиналған еріктілер жолда өтіп бара жатқан қыз-келіншектерге қызғалдақ гүлі мен тәттілерді таратып жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі.
«Мақсатымыз – мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ханымдарға бақыт, денсаулық, амандық тілеймін», дейді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Мереке иелері өз кезегінде көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.
«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден мерекелік көңіл-күй үстеді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!», деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасып жатыр. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан астам гүл мен шоколад тарту етеді.