Аймақтар
1 мин оқу 200
Ерекше құттықтау погондағы ханымдарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы полицейлері әріптестерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау іс-шарасында «Блонди» есімді ит өз үлесін қосқан екен. Аталған ерекше жайтты Polisia.kz сайты мәлім қылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол арнайы команда бойынша погондағы ханымдарға жақындады, сүйкімді иттің қабырға тұсында гүлдер болған.
Аталған ерекше құттықтау ханымдарды қатты қуантқан. Жағымды бонус ретінде қызметкерлер онымен бірге фотоға түсті.

«Блонди» 7 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етеді, ол оқиға орнында иісті индификациялау бойынша өз ісінің маманы. Жақсы көру, есту, физикалық күш, төзімділік және қорғаныс реакциясы бар.
Бөлісу: