Қоғам
1 мин оқу 92

Алимент төлеуден жалтарған әкелердің көлігі сатылады

<p>Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленетін болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алимент төлеуден жалтарған әкелердің көлігі сатылады

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, "Борышкер" рейдтік шарасын жүргізген.

- 857 мың 160 теңге, 1 миллион 518 мың 626 теңге, 2 миллион 483 мың 773 теңге, 2 миллион 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады, - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Жақын күндері алимент төлегісі келмейтін әкелердің жеке мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.

Бөлісу:
Алимент төлеуден жалтарған әкелердің көлігі сатылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар