Әлемдік лицензиялық турнир: Бүгін төрт боксшымыз жарыс жолына шығады
<p style="text-align: justify;">Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова алғашқы айқастарын өткізеді, ал Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай екінші кездесулеріне шығады, хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бокс федерациясына сілтеме жасап.</p>

Бүгін шаршы алаңға шығатын төрт боксшымыздың жекпе-жектері Қазақстан уақытымен:
66 кг: Наталья Богданова – Лорена Соледад Бальбуэна (Аргентина) 16:30-да басталады.
80 кг: Нұрбек Оралбай – Прева Падабади (Того)17:30-да басталмақ.
50 кг: Алуа Балқыбекова – Клаудиа Тотова (Чехия) 19:30-да бастау алады.
57 кг: Махмұд Сабырхан – Саравут Суктхэт (Тайланд) 20:30-да.
Боксшыларымыздың жекпе-жектерін boxingkazakhstan инстаграм парақшасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.
Ал Qazsporttv-дің бүгінгі эфир кестесі бойынша бокстан Әлемдік лицензиялық турнир 15:00, 19:30, 00:00-дерде көрсетіледі.