Лицензиялық турнир: Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан әлемдік лицензиялық турнирде Қазақстанның үш боксшысы жұдырықтасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бокс Федерациясына сілтеме жасап.</p>

Валентина Хальзова турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Наталья Богданованы екінші айқасы күтіп тұр. Ал ауыр салмақтағы Айбек Оралбай эквадорлық боксшымен кездеседі.
75 келі: Валентина Хальзова – Бусра Исилдар (Түркия)
18:15 (Қазақстан уақытымен)
66 келі: Наталья Богданова – Анета Рыгиелка (Польша)
23:45 (Қазақстан уақытымен)
92 келі: Айбек Оралбай – Хулио Сесар Кастильо Торрес (Эквадор)
Шамамен 01:15 (Қазақстан уақытымен)
Аталған жекпе-жектерді boxingkazakhstan инстаграм парақшасының тікелей эфирінен тамашалауға болады. Сондай-ақ Qazsporttv телеарнасында да тікелей көрсетілім жүргізіледі.