Қаржы
1 мин оқу 110

S&P ахуалды оң бағалайды

<p style="text-align: justify;">S&amp;P рейтингтік агенттігі елі&shy;міздің кредиттік рей&shy;тингін &laquo;BBB&ndash;&raquo; дең&shy;гейінде &laquo;тұрақты&raquo; болжамымен растады. Сыртқы резерв&shy;тердің елеулі көлемі және бюд&shy;жеттік тұрақ&shy;ты&shy;лық осындай болжамды бекіту&shy;ге ықпал еткен.</p>

S&P ахуалды оң бағалайды

Агенттік сарапшылары мем­ле­кет­тік басқарудағы жоспар­лан­ған реформалар мен экономикалық реформалар егеменді рейтингтің болжамын оңынан көрсететінін айтады.

S&P сарапшыларының пікірінше, қуат көзі мен азық-түлік бағасының жаһандық төмендеуіне қарамастан, инфляциялық қысым сақталып отыр. 2024 жылы инфляция орта­ша есеппен 8%-ды құрайды, ал 2026 жылға қарай Ұлттық банктің мақ­сатты дең­гейіне сәйкес келетін 5%-ға де­йін баяулайды. Агенттік сарап­тауынша, 2015 жылы еркін құбыл­ма­­лы айырбас бағамына көшу – құ­был­­­малылықтың сыртқы факторла­ры­на бейімделуге көмектесті. 2023 жылдың желтоқсанында дол­лар­­сыз­дандыру деңгейі 23%-ға жетті. Тұрақты айырбас бағамы мен инфля­ция­ның біртіндеп төмендеуі одан әрі өсудің алдын алуы керек.

Сонымен қатар S&P сарапшылары орталық банктің дербестігі мен ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банктің жаңа несие және экономиканы қолдау бағдарламаларына қатыспауға ниет­ті екенін жеткізді. Сарапшылар мем­­ле­кеттік шығыстардың өсуін азайтуға бағытталған бюджеттік ере­­же­лердің енгізілуін оң бағалады. Осы­лайша, Ұлттық қордан түсетін шы­ғыстар мен трансферттердің өсімін азайтуға бағытталған Үкімет жос­пары мемлекеттік бюджеттің тап­шылығын ұстап тұруға және халық­аралық резервтердің деңгейін тұрақ­тан­дыруға әсер етуге тиіс.

Бөлісу:
S&P ахуалды оң бағалайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар