Қоғам
2 мин оқу 330

Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Күдікті сот залына жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев өзінің әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, аса ауыр қылмыстық істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндеттеледі.

Алдын ала тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, қалалық соттың баспасөз қызметі алдын ала тыңдау ашық болатынын және оған журналистер қатыса алатынын жария етті.

Алдын ала тыңдауда прокурорлар Бишімбаевқа қандай баптар бойынша айып тағылатынын жариялайды, ал судья негізгі сот отырысының күнін белгілейді.

Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

Алдын ала тыңдауға екі мемлекеттік айыптаушы, марқұмның туыстары, күдіктінің ата-анасы, сондай-ақ олардың қорғаушылары қатысып жатыр.

Экс-министр Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар Қуандық Бишімбаевтың туысы Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы бойынша (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы анық хабарламау) айыпталып отыр.

Бөлісу:
Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар