Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты
<p style="text-align: justify;">Дәл қазір Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдын ала тыңдау барысында күдікті Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты. Ол, сондай-ақ негізгі сот отырысын алқабилер мен БАҚ өкілдерінің тікелей қатысуымен өткізуді сұрады.
Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.
Сонымен қатар Қуандық Бишімбаевтың туысы Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы бойынша (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы анық хабарламау) айыпталып отыр.