Аймақтар
1 мин оқу 140

«Анаға сый»

<p style="text-align: justify;">&laquo;Анаға тағзым&raquo; орта&shy;лығына қа&shy;расты &laquo;Бой&shy;тұмар&raquo; дизайн және қолөнер үйір&shy;месінің қыз&shy;дары қол&shy;дан тоқылған мон&shy;шақ&shy;ты сөмкелер жәр&shy;мең&shy;кесін ұйымдас&shy;тырды. Орталық бас&shy;шысы Эль&shy;мира Мыр&shy;зағалидың айтуын&shy;ша, үйірмеге қатысушы жас&shy;өс&shy;пірімдер аз ға&shy;на уақыттың ішін&shy;де көптеген бұйымды тоқуды үйреніп алған.</p>

«Анаға сый»

Ұйымдастырушылар кел­тірген дерекке сенсек, жәр­меңкеге жүзге жуық қол­дан тоқылған сөмкелер қойы­лыпты. Іс-шараға арнайы келген қонақтардың ай­­­туынша, эстетикалық тал­ғам­­мен то­қыл­ған бұйым­дар­­д­ың сапасы жоғары екен.

«Аз ғана уақыттың ішін­де жас­-­өс­пірімдердің тамаша бұйымдар тоқып үйренгені көңіл көншітеді. Моншақ­пен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанын, олардың қолға алған жұмыстарының сапасынан айқын аңғаруға болады. Жәр­меңкеге келгендермен бірге біз де оқу­шылардың өнеріне қызығып, жұмыстарына риза болып тұрмыз», дейді ке­лушілердің бірі Ғалия Дүйсен­бекова.

Қырықтан астам үйірме қа­тысу­шысы өз бұйымдарын ұсын­ған жәр­меңке жұмысын өңір басшысы Ербол Қара­шөкеев жоғары бағалап, білім алушы­лар­дың талабы мен талантына риза болды.

«Біздің орталықта аз жұмыс атқары­лып жатқан жоқ. Ал «Анама сый» жәр­меңкесін ұйымдастырудағы басты мақсат – жасөспірім­дердің анаға деген перзент­тік борышы мен махаб­батын сезіндіру. Сол мақсат­­тың үде­сінен шығу үшін қатысушы­ларымыз аянып қалған жоқ. Түрлі үлгіде тоқылған туынды­сын жәр­меңкеге шығарды. Ке­лу­шілер тарапынан жоғары баға­ланып жатқанын да көрдік. Қыздардың еңбегіне қызығып, сөмкелерді сатып алған­­дар да болды», дейді «Анаға тағ­­зым» орта­лы­ғының басшысы Э.Мыр­зағали.

ТАРАЗ

Бөлісу:
«Анаға сый» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар