Үкімет
1 мин оқу 160

Күн тәртібі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Сена&shy;т спикері Мәулен Әшім&shy;баев&shy;тың төрағалығымен өткен Палата бюросында депутаттар 14 нау&shy;рызда өтетін Сенат отыры&shy;сының күн тәртібін бекітті.</p>

Күн тәртібі бекітілді

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақ­стан Республикасы мен Литва Респуб­ликасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт­қа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Бұл заң екі елдің азаматтық, отба­сылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартының ережелерін жетілдіруді көздейді.

Сонымен қатар «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнама­лық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Құжатта медициналық маман­дықтың мәртебесін арттыру және денсаулық сақтау қызметкерлерін заң­герлік, қаржылық қорғау жөнін­дегі нормалар, сондай-ақ, басқа да шаралар қарастырылған.

Бөлісу:
Күн тәртібі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар