Жаяу жүргіншіні қағып, көзден тасаланған жүргізуші ұсталды
<p style="text-align: justify;">Семей қаласында Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан көлік корпусының сынықтарын тауып, сол арқылы қашып кеткен 20 жастағы облыс орталығы тұрғынының Toyota Estima көлігін анықтаған.
«Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін жауапқа тартылды. Автокөлік сол күні арнайы автотұраққа қойылды. Дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Факт ерекше бақылауға алынды», деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.