Байқау
1 мин оқу 140

«Елорданың еркетайы»

<p style="text-align: justify;">М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мем&shy;лекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке&shy;мен&shy;шік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында &laquo;Елорданың еркетайы&raquo; қалалық өнер байқауы өтті.</p>

«Елорданың еркетайы»

«Астана дарыны» дарын­ды балалар мен талантты жас­тарды анықтау және қолдау орта­лығының ұйым­дас­ты­руы­мен өткен жарыстың ірік­теуінде 140 бейнематериал қа­ралды. Сайысқа қатысушы балдырғандар бірнеше аталым бойынша бақ сынап, өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, «Вокал» бағыты бойынша 19 өнерпаз, «Хореография» аталымы бо­йынша 29 би тобы, «Во­кал­дық топ» аталымында 20 топ, ал «Музыкалық аспаптарда ойнау» бағытында 6 ансамбль, барлығы 75 өнер шығар­масы қазылар алқасы назарына ұсынылды.

– «Елорданың еркетайы» атты өнер байқауы 2017 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Яғни бұл сайыс бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойынан бас­тау алды. Осы байқауда алғаш сахнаға шығып, өнер көрсеткен балдырғандарымыздың бір­қа­­тары бүгінгі таңда респуб­ли­ка­лық, халықаралық додаларда топ жарып жүр. Біздің де мақсатымыз осы еді. Яғни дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау арқылы межелі мақсатқа жол салып беріп отырмыз, – дейді «Астана дарыны» орталығының бөлім­ әдіскері Нұржамал Мырза­ғалиева.

Талантқа талап берген бай­қау­дың нәтижесінде әр аталымда үздік шыққан өнерпаздарға «Астана дарыны» орталығының кубогі және дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Бекзат ҚҰЛШАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Бөлісу:
«Елорданың еркетайы» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар