Бүгін түнде еліміздің екі облысында өрт шықты
<p style="text-align: justify;">13 наурызға қараған түні Қазақстанның екі облысында ірі өрт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы, Арыс ауылы, жеке тұрғын үйдің аумағында жеке тұрған шаруашылық құрылысының шатыры мен үйілген шөп (шамамен 10 тонна) 75 шаршы метр алаңда жанып кетті. Өрт сағат 04:00-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ Алматы облысында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, тұрғын үйдің аумағында, жеке тұрған алаңда 60 шаршы метр монша жанып кетті.
«Сағат 04:14-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге шамамен 4 жеке құрам адамы және ТЖД-ның 2 бірлік техникасы жұмылдырылды», деп хабарлады министрліктен.