Білім
1 мин оқу 1,342
Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">Бір аптадан кейін Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталып, оқушылар демалысқа шығады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған каникулдар кестесіне сәйкес, оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурызда басталып, 31 наурызда аяқталады. Демек, оқушылар 11 күн демалады.
Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталады, ол 8 оқу аптасын құрайды.
Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Ал 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникул басталады.
Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында ел азаматтары 14 күн демалатынын бұған дейін де хабарлаған едік.
Бөлісу: