Зейнеткерлер Амал мерекесін атап өтті
<p style="text-align: justify;">Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Амал» мерекесі атап өтіліп, орталықтың қызмет алушы зейнеткерлері Наурыз айының басталуын көрісуден бастады. Ақсақалдар келушілерге бата беріп, ақжарма тілек арнады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ұйымдастырушылар іс-шараны Амал мерекесінің шығу тарихын баяндаудан бастап, көрермендерге бейнематериал ұсынды.
Мәдени іс-шарада «Шаңырақ» этно-мәдени ансаблінің өнерлі әжелері «Бүлдірген», «Бипыл» әндерін орындаса, «Гаухартас» би тобының апалары «Қамажай» биін биледі.

Амал мерекесі викториналық жарыстармен жалғасты. Өнерлі ата-әжелер әзіл аралас сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел айтудан, жұмбақ жасырудан, дәстүрлі ән шырқаудан сынға түсті.

Көрісу күні жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар зейнеткерлерге ұлттық тағам түрлері де тарту етілді.
Кеш соңында Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Кенжеболат Бапишев жиналғандарға алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.