Саясат
1 мин оқу 100

Өңделген өнімнің үлесін арттыру қажет

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында &laquo;Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері&raquo; атты Үкімет сағатының қорытындысында қабылданған ұсынымдардың іске асырылуы туралы&raquo; тақырыбы талқыланды.</p>

Өңделген өнімнің үлесін арттыру қажет

Комитет төрағасы Әли Бектаев Қазақстан үшін агро­өнеркәсіп кешені еліміз эко­номикасының негізгі саласы екенін атап өтті. Жаңа технологияны пайдалану арқылы қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайта отырып, оны 70 пайызға жет­кізу туралы Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету керек.

«Қазақстан үшін агроөнер­кәсіп секторы мен қайта өңдеу өнер­кәсібі азық-түлік қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету және ауыл ша­руа­шылығы өнімдеріне ішкі сұра­нысты қанағаттандыруда ма­ңызды рөл атқарады. Үкіметтің, бизнес-қоғамдастықтың және ауыл тұрғындарының бірлескен күш-жігерімен ғана агроөнеркәсіп сек­тордың тұрақты дамуын қам­тамасыз етуге және елдің импорт­тық өнімдерге тәуелділігін төмен­детуге болады», деді Әли Бектаев.

Сенатор Закиржан Кузиев өз кезегінде Үкімет сағатының қоры­тындысында комитет өз құзыреті аясында мемлекеттік органдарға 27 ұсыныс бергенін еске салды. Ондағы 13 ұсыным бойынша мемлекеттік органдар қажетті шаралар қабылдады, 6 ұсыным орындалмады және 3 ұсыным бо­йынша талқылау және жоспарлау сатысында жұмыс жүріп жатыр.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрінің орынбасары Бағлан Бекбауов өз сөзінде осы ұсы­ныстарды іске асыру үшін агро­өнеркәсіп кешенін дамы­ту­дың 2021-2030 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізілгенін айт­ты. Олар қайта өңдеу кәсіп­орын­дарын өндіріс қуатында барынша қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін ұлғайту және ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қол­даудың жүйелі шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

Бөлісу:
Өңделген өнімнің үлесін арттыру қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар