Ауа райы
1 мин оқу 70

Қазақстанда күн жылына бастайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнде ел аумағында күн жылына бастайтынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда күн жылына бастайды

Синоптиктер 16, 17, 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Апта соңында Қазақстанның солтүстік-батысында, шығысында, 17-18 наурыз күндері Қызылорда облысында атмосфералық фронтал бөліктері әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл күндері жауын-шашын түседі деп болжанған. 18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, 17 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

«16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашын болмайды. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Бөлісу:
Қазақстанда күн жылына бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар