Көрме
1 мин оқу 260

Көпті тамсандырған «kilem art»

<p style="text-align: justify;">Жаңа мазмұнда тойланатын Наурыз мерекесі қарсаңындағы &laquo;Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр&raquo; күні аясында Қызылорда қаласындағы С.Айтбаев атын&shy;дағы көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, креатив-суретші Дәулет&shy;бек Тойшыбаевтың &laquo;Kilem Аrt&raquo; атты көрмесі көп назарын аударды.</p>

Көпті тамсандырған «kilem art»

Көрменің ашылуында об­лыс­тық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма­сы­ның басшысы Мира Қазбекова ұлттық қолөнер дәс­­түрін дамытқан жаңашыл жанр шеберінің жұмыстары осыған дейін де еліміздің әр түкпірінде көрермен наза­ры­на ұсынылғанын атап өтті. «Мемлекет басшысының ­кре­а­­тивті индустрияны да­мыту бағытындағы тапсыр­ма­сын орындау мақсатында былтыр ғана ашылған «Анаға тағзым» орталығы жүйелі жұ­мыс жасап тұр. Орталықтың бірінші қабатында жергілікті шеберлердің көрмелері, түрлі жәрмеңкелер ұйымдасты­ры­лып келеді. Ондағы «Қазақ елінің ұлы аналары» карти­насы авторларының бірі бү­гінгі көрме иесі Дәулетбек Тойшыбаев», деді басқарма басшысы.

вар

Шағын кілемдер бетіне түс­кен Сақ сұлуы, Сығанақ аруы, Бегім ана, Қыз Жібек, Дина күйші, жалпы 12 кілем-картинадағы бейненің бәрі Сыр қыздарының арнайы түс­кен фотоларынан көшіріл­ген. «Жалпы, осы жұмысым арқылы мен қазақтың белгілі аналарының галереясын заманауи әдіспен жасағым келді. Жұрт қызығушылығы мен сұранысқа қарағанда талабым теріс болмаған сияқты», дейді реалист суретші.

Жергілікті Қорқыт ата уни­верситетін бітірген ол осы уақытқа дейін бірқатар бай­қаудың бас жүлдесін иеленіп, жұмыстары рес­пуб­ликалық, халықаралық көрмелерге қойылған. Зама­науи суретші стринг-арт әдісі арқылы қала сәулетін креативті муралдарымен байытып жүрген өнер
иесі.

Қызылорда 

Бөлісу:
Көпті тамсандырған «kilem art» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар