Дәстүр
2 мин оқу 330

Алты айлық Айшаға тарту

<p style="text-align: justify;">Шаңырақ күнінде Кереку жұрты отбасылық құндылықтарды насихаттады. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы бұл күні алты айлық сәби Айшаға үкілі домбыра сыйлап, ақ жаулықты әжелер бата берді.</p>

Алты айлық Айшаға тарту

«Бүгін – елімізде отбасылық құн­дылықтар дәріптелетін күн. Өне­гелі, ұлағатты отбасыларға құр­мет көрсету мақсатында өңірімізде көп­те­ген іс-шара өтіп жатыр. Біздің ұжы­­мымыздағы қызметкерлердің отба­сындағы ең кішкентай сәби әріп­те­сіміз Алпысбай Хонждың бөбегі болып шықты. Мінекей, кітапхана ұжымы жиналып, Айша есімді сәбиге сыйлық жасауға келдік», деп атап өтті С.Торайғыров атындағы об­лыстық кітапхананың креативті шы­ғар­ма­шылық орталығының басшысы Марал Таженова.

Кішкентай Айшаға қазақтың ұлт­тық аспабы – үкілі домбыраны дәс­түрлі әнші, республикалық бай­қау­лар­дың жүлдегері Әсел Ботаева табыстады. Ертеде жасы үлкен, аузы дуалы адамдар мен өнері елден асқан жандар сәбилерге бата беріп, балалардың ғұмыр жасы ұзақ болуын тілеген. Балаға ырымдап сыйлық сыйлау, тіл-көзден сақтасын деп үкі, тұмар тағу бұлжымас дәстүрлердің бірі болған. Әз Наурыз қарсаңында халқымыздың осындай игі дәстүрлері қайта оралып жатқаны қуантады.

Кітапхана саласының ардагері, ақ жаулықты әже Хадиша Дәндібаева іс-шараға жиналғандарға шашу шашып, сәбиге батасын берді. «Шаңырақ күні еліміздің әр азаматына жақсылық, отбасының амандығын тілейміз. Әр шаңырақтың босағасының берік­тігін, ұрпақтарының керегесі кеңейе бергенін, береке-ынтымағы артып, ырыс-дәулетінің таусылмауын тілей­міз. Құтымыз шайқалмасын, қаза­ны­мыз оттан түспесін!» деп тіледі әжей.

Алты айлық Айшаның әкесі Алпысбай Хонж – С.Баязитов атын­да­ғы балалар оқу орталығының басшысы, ақын, сатирик. Ал анасы Гүлмерей мек­тепте сабақ береді. Жас әрі өнегелі отбасындағы ба­ла­лардың үлкені – ұл. «Наурыз-ба­зарлыққа» кенелген ша­ңы­рақ ие­лері кітапханашылар ұжы­мына риза­шы­лық­тарын жеткізді.

С.Торайғыров атындағы кітап­ха­на Наурыз мейрамына арналған әр ай­шық­ты күнге ерекше шараларды ар­нап жатыр. Ұмытылған дәстүр­лер фестивалі, Амал мерекесін атап өтсе, «Айна» галереясында ұлттық нақыштағы кескіндемелер мен қол­данбалы өнер­дің туындылары қо­йыл­ды. Киіз үй құру бойынша ел үл­кен­­дерінің шеберлік сағаты болды. Ал­дағы уақытта Наурыз мейрамына орай мұнда ұлттық ойындар – асық ату мен тоғызқұмалақтан сайыстар, «Үкілі қыз» байқауы ұйымдастырылады деп күтіліп отыр.

ПАВЛОДАР 

Бөлісу:
Алты айлық Айшаға тарту · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар