Аймақтар
2 мин оқу 161

Жастар саябағының іргетасы қаланды

<p style="text-align: justify;">Қасиетті Рамазан айында Түлкібас ауданы, Машат ауылында &laquo;Жастар&raquo; саябағы салынады. Саябақты аталған ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Бекзат Төреев бастаған, мектеп бітіргендеріне 50 жыл толған, түлектер өз қаржысы есебінен көтермек.</p>

Жастар саябағының іргетасы қаланды

Демалыс орнының қазығын қа­ғу­ға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас­қармасының басшысы Қайрат Аб­дуалиев, аудан әкімінің орынба­са­ры Марат Жанесен және ауыл ақ­са­­қалдары қатысып, игі іс-шараға мұ­­рындық болған ел ағаларына ал­ғы­­сын білдірді. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Іс-шара барысында саябақтың сәні­не айналар ағаш көшеттері отыр­ғы­зылды. Бүгінде ауыл әкімдігі тара­­пынан 70 соттық жерге құжат­тар­­­ды рәсімдеу жұмыстары аяқ­тал­­ған. Саябақ аумағы толығымен қор­­шалып, абаттандырылып, бір бұ­ры­шы­нан балалар ойын алаңшасы бой кө­тереді. Демалушыларға ар­нал­­­ған орын­дықтар қойылып, түнгі жа­рық­шам­дар орнатылады. Кәсіп­кер­дің айтуынша, саябақ құ­ры­лы­сы­на, шамамен 50 млн теңге қаржы жұм­­салмақ.

Жалпы аудан аумағындағы 15 ауыл­дық округ және кент аумақ­та­рын­да көктемгі ағаш егу акция­ла­ры өтіп жатыр. Ал облыста өткен жы­лы 1 миллионнан аса кө­шет отыр­ғызылды. Соның ішінде Түлкі­бас ауданында 80 мыңға жуық ағаш егілген болатын. Биыл көктем айларында облыс бойынша 500 мыңнан аса көшет отырғызу жоспарланса, Түлкібас ауданының аумағында 32 мың­ға жуық ағаш көшеттері отыр­­ғызылады. Күз айларында бұл жұ­мыс­­тар жалғасып, қосымша 33 мың ағаш көшеттерін отырғызу көз­де­ліп отыр.

Сондай-ақ Наурызнама онкүндігі аясында облыстың барлық қала, аудан­дарында «Сенбілік – таза­лық айнасы» атты акция өтті. Мыса­лы, Түркістанда «Жастар ресурс­тық орталығы» КММ-нің ұйым­дас­­тыруымен өткен акцияға 200-ге­ жуық белсенді қатысып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында таза­лық жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Жастар саябағының іргетасы қаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар