Қоғам
2 мин оқу 162

Қуаныш қоржыны

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ұлы дала дәмі&raquo; ұлттық жобасы наурыз мерекесіне орай балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға ұлттық дәм мен тағамдарға толы &laquo;тарту&raquo; табыстап, еңбек адамдары мен ұлт зиялыларына &laquo;сыбаға&raquo; таратты.</p>

Қуаныш қоржыны

Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мере­кеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерек­шелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық біре­гей­лі­гімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін» деп баса айт­қан еді. Осы орайда жоба бастамашысы «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қа­лым­байұлы да ұлыс күнін ең әуелі балалар күтетін мерекеге айналдыруды мақсат етіп отырғанын айтады.

Мейрамның басты кейіп­керлері ретінде ұйымдас­ты­рушылар Қыдыр атаның қасына немересі Бақ-баланы қосуды жөн санаған. Ай­туынша, бұл – қазақтың «бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген батасынан алынып отырған ой. Расында, Қыдыр атаның немересімен жүруі – ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық тәрбиесін көрсететін көркем рәміз іспетті.

внш

Ұйымдастырушылар Наурызды мере­ке­леуді Алматы облыстық №1 балалар үйі­нен бастады. Әр тәрбиеленушіге киіз үй пі­ші­нінде тігілген балаларға арналған «Тар­­ту» қор­жы­ны табысталды. Қоржында Қазақ­­стан­ның әр өңірінен жеткен ұлттық дәм­­дер салынған. Олардың саны – жетеу. Сон­­дай-ақ Алтайдың балы, Алматының алма­сы секілді еліміздің брендтері мен бала­ларға арналған кітап та қоржынға салын­ған.

Наурызда жастар үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсетіп, бата­сын алған. Ұлттық жобаны ұйым­дас­тырушылар да Асанәлі Әшімов, Асылы Осман, Төрегелді Шарманов сынды ұлт зиялыларына, қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ еңбек адамдарына да сәлем бере барды. Оларға «сыбаға» қоржыны тарту етіліп, иық­тарына шапан жабылды. Қоржында жеті дәмнен бөлек, дәстүрге сай еттің сүбелі бөліктері қазы-қарта, жал-жая мен жамбас салынған.

Ұйымдастырушылар «Ұлы дала дәмі» ұлт­тық жобасын алдағы жылдары 14 нау­рыз­дан бастап айдың соңына дейін тұтас рес­пуб­лика көлемінде өткізуді жос­парлап отыр.

Бөлісу:
Қуаныш қоржыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар