Қоғам
1 мин оқу 240

Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?

<div class="section__header"> <p class=" typography typography__variant-h1 section__header-title " style="text-align: justify;" data-tip="true">Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.</p> </div>

Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?

Сонымен қатар осы күні Ақмола облысында Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Қаңбақ шал» ертегісінің премьерасы өтеді.

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінде «Қош келдіңіз, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

Қызылорда облысында түрлі пікірталас алаңдарында сарапшылар «Наурыз – жаңа саяси дәуірдің басталуы» тақырыбын талқылайды.

Павлодар облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Наурыз – асыл қазына» атты мерекелік концерт өтеді.

Петропавлда облыстық Ақан сері атындағы филармониясы Қазақ халық аспаптар оркестрінің «Наурыз-көктем» концерті ұйымдастырылады.

Жалпы алғанда, жаңару мен жаңа кезеңнің басталуын бейнелейтін Жаңару күнінде бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді.

«Елдегі барлық мәдениет мекемелері мен ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардың ағаш отырғызу қоғамдық акциясына қатысуы – күннің басты оқиғасы болмақ», делінген ведомство хабарламасында. 

Бөлісу:
Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар