Бакудегі халықаралық бәсеке: Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады
<p style="text-align: justify;">Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокс бәсекесінде бүгін 3 ел спортшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан бокс федерациясы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде 25 наурыз күні бақ сынайтын боксшылардың аты-жөнін жариялады.
Олар:
60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов ширек финалда венгриялық Марк Адоль Балохқа қарсы шығады.
71 келіде отандасымыз Дархан Дүйсебай жарыс қожайыны Наби Искандаровпен қолғап түйістіреді.
86 келіде қазақ-өзбек боксшылары Бекзат Таңатар мен Самандар Джалолов өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі 23 наурыз күні жалауын көтерді. Бәсекеде әлемнің 100-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр.