Білім
1 мин оқу 351

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа көшті

<p style="text-align: justify;">Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа көшті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада биыл алғаш рет бірден 7 өңірде өтеді. Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт:

17-21 наурыз - Астана қ. физика, математика;
24-28 наурыз - Алматы қ. информатика, география;
27-31 наурыз - Павлодар қ. химия, биология.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

1-5 сәуір - Қостанай қ. орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
7-11 сәуір - Атырау қ. қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
14-18 сәуір - Өскемен қ. Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;
20-24 сәуір - Петропавл қ. ағылшын, неміс және француз тілдері.

Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынайды.

Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.

Бөлісу:
Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа көшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар