Аймақтар
1 мин оқу 113
Қостанай облысында еріген қар суы шығарылды
<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында төрт елді мекеннен қар суы шығарылды. Қазір жағдай тұрақты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Өткен түні Қостанай облысының ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері еріген қар суын толық көлемде шығарды. Қазіргі уақытта Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай төрт елді мекенінде 12 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағынан су толық шығарылды. Өңірде мониторинг және су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу: