Қоғам
1 мин оқу 150

Алматы облысында 3 жасар қыз әлі де іздестіріліп жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында 17 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған 3 жасар қыздың іздестіріліп жатқанына 10 күн болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында 3 жасар қыз әлі де іздестіріліп жатыр

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

«Арнайы жедел әрекет ету жасағының инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел бөлімшеден арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Қазіргі таңда арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Бөлісу:
Алматы облысында 3 жасар қыз әлі де іздестіріліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар