Аймақтар
1 мин оқу 130
Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылып қалды
<p style="text-align: justify;">Өткен түні Жамбыл облысы Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртеніп, салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы қырылып қалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт 220 шаршы алаңды шарпыды.
Мамандар өрттің тұтануына электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті өшірді. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.
Бөлісу: