Қоғам
1 мин оқу 300

«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолында су тасқыны болды

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 12:00 шамасында республикалық маңызы бар &laquo;Қалбатау-Майқапшағай&raquo; тас жолының 1113 шақырымы тұсында қар еріп, айналма жолда су тасқыны болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; мәліметіне сілтеме жасап.</p>

«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолында су тасқыны болды

Тасқын су көлемі 300 метрді, биіктігі 5-10 см құрап отыр, учаскеде су құбыры қарастырылған.

Қазіргі уақытта айналма жолды еріген қардан тазарту мақсатында қосымша құбырларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқынын жоюға 10 жол жұмысшысы және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Аталған учаскеде көпір құрылысына байланысты қозғалыс тоқтатылды.

Бөлісу:
«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолында су тасқыны болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар