Оқиға
1 мин оқу 190

Сарбаздарды орындық, таяқпен ұрған әскериге қандай жаза қолданылды?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Диапазон&raquo; басылымы Ақтау&nbsp;гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі сарбаздарға қатысты билікті асыра пайдаланып, олардың басынан орындық, таяпен ұрғанын жариялаған еді. Бүгін Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Сарбаздарды орындық, таяқпен ұрған әскериге қандай жаза қолданылды?

«Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады», делінген министрлік хабарламасында.

Ведомоство қарулы күштер қатарында мұндай теріс оқиғалар бірен-саран болатынын айтып, бақылау үнемі жүргізілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Сарбаздарды орындық, таяқпен ұрған әскериге қандай жаза қолданылды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар