Ауа райы
1 мин оқу 742
Қазақстанда қар жауып, қайтадан күн суытады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 28, 29, 30 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы Екатеринбург облыстарынан келетін ауқымды циклон әсеріне байланысты болады. Республика бойынша жел тұрып, жауын-шашын түседі, таулы аймақтарда жаңбыр бұрқасынға ұласуы мүмкін.
«Оңтүстік өңірлердің тұрғындары 30 наурызға қарай ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін сезінеді. Сондай-ақ циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Солтүстікте көктайғақ күтіледі», делінген хабарламада.
Бөлісу: