Қоғам
1 мин оқу 260

Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған

<p style="text-align: justify;">Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі ашық түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған

Айыптаушылардың айтуынша, 2023 жылдың жаз мезгілінде Бишімбаев Нүкеноваға Алматыда тұруға ұсыныс жасаған. Ал Салтанат күйеуі оған деген сезімін өзгертеді деген үмітпен ұсынысқа келіскен. 

«Салтанат тұрғылықты жердің өзгеруі Бишімбаевтің оған деген көзқарасын өзгертеді, сонымен қатар физикалық және психологиялық күйзеліске ұшыратуын тоқтатады деген үмітпен көшуге келіседі. Алайда, Бишімбаев өзінің қылмыстық әрекеттерін Алматыда да жалғастырған. 2023 жылдың тамыз айында Нүкенова Бишімбаевтың жүйелі түрде ұрып-соғуына шыдай алмай Павлодардағы ата-анасының үйіне барады. Алайда Бишімбаев кешірім сұрап, Салтанатты қайтып келуге көндіреді. Осыдан кейін Нүкенова Бишімбаевты тастап кетуге бірнеше рет әрекеттенген, бірақ Бишімбаев өзінің өзгеретіне уәде бере отырып, оны қайтарып алатын», деді прокурор. 

Айта кетейік, сот процесі онлайн режимде Жоғарғы Соттың әлеуметтік желідегі парақшасынан көрсетіліп жатыр.

Бөлісу:
Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар