Сенат
1 мин оқу 131

Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары &laquo;Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс&raquo; тақырыбына арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жұмысымен танысу мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты

Сенаторларға аталған университетте атом және сутегі энергетикасы, молекулалық биология, ген инженериясы, биомедицина және тағы басқа салаларда 240-тан астам ғылыми зерттеулер мен халықаралық 10 ғылыми жоба іске асып жатқаны туралы хабардар етілді. Ал 13 факультетте және 31 ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызмет жүргізіліп келеді.

Парламентшілер жоғары оқу орны базасында құрылған құрылыс, жол-құрылыс секторы қызметтерінің толық тізбегін көрсету жөніндегі Құрылыс-техникалық инжиниринг орталығының зертханасында болды. Аталған орталық құрылыс саласына қажетті озық технологияларды әзірлеумен айналысады.

Сенат депутаттары іс-шара барысында басшылықпен және профессор-оқытушылар құрамымен ғылыми қызметті дамыту мәселелерін, проблемаларды, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылады. Парламентшілер сапар қорытындысы бойынша кездесу аясында көтерілген өзекті мәселелерді назарға алып, олардың алдағы дөңгелек үстел отырысында талқылауға шығарылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар