Теннис
1 мин оқу 80

Майамидегі «Мастерс»

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан &laquo;Мастерс&raquo; тур&shy;нирінде Қазақстанның теннисшілері &ndash; Юлия Путин&shy;цева мен Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.</p>

Майамидегі «Мастерс»

Жүлде қоры 8 995 555 долларды құраған жарыстың алғашқы айналымында Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 68-орын) испаниялық Кристина Бучудан (№74) басым түсті – 6:2, 3:6, 6:4. Көп кешікпей WTA тізі­мінде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған ресейлік Людмила Самсоноваға (№15) сан соқтырды – 6:1, 4:6, 6:3. Одан кейін бельгиялық Грет Минненді (№79) ұтты – 6:2, 2:6, 6:4. Төртінші кезеңде Путинцева украиналық Ангелина Калининаны (№36) қапы қалдырды – 6:4, 7:6.

Алғашқы айналымда бос болған Елена Рыбакина (№4) екінші кезеңде даниялық Клара Таусоннан (№91) 3:6 есебімен ұтылып жат­қанына қарамастан, екінші және үшінші сет­терді өз пайдасына шешті – 7:5, 6:4. Одан кейін ол америкалық Тэйлор Таунсенді (№72) тізе бүктірді – 6:3, 6:7, 6:4. 1/8 финалда Мэ­дисон Кизден (№18) айласын асырды – 6:3, 7:5.

Өкінішке қарай, еліміздің ерлер құрама­сының мүшелері айшықты өнерімен көрер­мендерін қуанта алмады. Атап айтсақ, Алек­сандр Шевченко (№58) колумбиялық Даниэль-Элиан Галанды (№84) қапы қалдырғанымен, іле-шала польшалық Хуберт Хуркачқа (№9) жол берді. Ал Александр Бублик (№18) ита­лиялық Маттео Арнальдидің (№38) осал тұсын таба алмады.

Бөлісу:
Майамидегі «Мастерс» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар