Аймақтар
1 мин оқу 123

Қызылордада мазутты заңсыз сатқандар сотталды

<p style="text-align: justify;">Қызылордалық екі кәсіпкер аса ірі мөлшердегі мазутты мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз иеленіп, сақтап, өткізіп отырған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада мазутты заңсыз сатқандар сотталды

ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында аталған екі азаматтың 2022-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 58 223 514 теңгені құрайтын 1023 тонна көлеміндегі «М-100» маркалы мазутты заңсыз өткізіп келгені дәлелденген.

Нәтижесінде У.Н. есімді азамат Қазақстан Республикасының ҚК-нің 197-бабы 4-бөлігінің 2- тармағымен, ҚК-нің 218-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айырылса, Ж.Ε. есімді азаматқа ҚК- нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.  

Бөлісу:
Қызылордада мазутты заңсыз сатқандар сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар