Аймақтар
1 мин оқу 180

Қылшақты өзенінің суы қайтадан жағадан шықты

<p style="text-align: justify;">Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің суы жағадан шығып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы, 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ &laquo;Ертөстік&raquo; балабақшасының 1-қабатын су басып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қылшақты өзенінің суы қайтадан жағадан шықты

Қазіргі уақытта 150 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 280 тонна инертті материал төселді. 111 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар.

6
  
Су басқан учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 104 адамы, 14 бірлік техника, 9 мотопомпа, ПД - 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО – 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қылшақты өзенінің суы қайтадан жағадан шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар