Аймақтар
1 мин оқу 180
Су тасқыны: Байланыс операторы тұрғындарға тегін қызметтерін аударды
<p style="text-align: justify;">«Beeline» ұялы байланыс операторы төтенше жағдай режімі жарияланған Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындарына тегін байланыс қызметтерін аудара бастады.</p>

«Beeline» операторы су тасқыны болып жатқан Торғай өңіріндегі тұтынушыларының ҚР бойынша барлық нөмірлеріне 50 минуттық бірлік, 50 SMS және 7 күнге 10 Гб көлемінде интернет-трафигін аударды. Абоненттерге бұл туралы SMS хабарлама жіберілген. Аударымды «Менің Билайным» қосымшасы немесе *106# командасы арқылы тексеруге болады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі аталған оператор, қажет болған жағдайда, тегін байланыс қызметтерінің мерзімін ұзартуға әзір екенін хабарлады.
Қостанай облысы
Бөлісу: