Қоғам
1 мин оқу 183

QR-код арқылы автобус жолаушыларының ақшасын сыпырып әкеткен

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласының 19 жастағы тұрғыны қоғамдық көлікке отырған жолаушылардың ақшасын қолды қылды. Бірақ жас жігіттің ұрлық тәсілі елді аң-таң қылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

QR-код арқылы автобус жолаушыларының ақшасын сыпырып әкеткен

Өңірлік полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 19 жастағы жігіт принтер арқылы өзінің QR кодын басып шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып қойған. Автобусқа кіріп, жол ақысын төлемек болған жолаушылар ақшаны сол жігіттің шотына аударып отырған.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Полицейлер ұрлық салдарынан қанша шығын келтірілгенін анықтап жатыр.

Бөлісу:
QR-код арқылы автобус жолаушыларының ақшасын сыпырып әкеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар