Оқиға
1 мин оқу 850
«Ішінде адамдар болған»: Алматыда троллейбус өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8-де Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында троллейбус жанып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттан кейін келген. Бұған дейін жолаушылар салоннан шығып үлгерген.
«Жанып кеткен автобусты сөндіру үшін қажетті шаралар қабылданды. Өрт 08:10-да оқшауланып, 08:15-те жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ТЖД.
Бөлісу: