Заң
1 мин оқу 132
Ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат сотталды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысы Астрахан ауданында ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысқан екі азамат соттталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қылмыскерлер жымысқы ойын күндіз жайылымдағы малды бақылап, түнде қорадан ұрлау арқылы жүзеге асырып келген.
Бірнеше айға жалғасқан заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті.
Аудандық сот ұсталған азаматтарды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді.
Бөлісу: