Қоғам
1 мин оқу 170

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа баспана бағдарламасы басталады

<p style="text-align: justify;">Ауыл мен аудан орталықтарының тұрғындарын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына 300 миллиард теңге тартылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа баспана бағдарламасы басталады

Министр мәлім еткендей, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазір «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатыр.

«Бұл қаражат − бағдарламаның жалпы сомасы. Бұл ипотекалық бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие ставкасы 7%-дан аспайды. Бірінші мамыр күні бағдарламаның барлық шартын толық жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырда басталады», деді Қ.Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда өңір тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.

Бөлісу:
Ауыл тұрғындарына арналған жаңа баспана бағдарламасы басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар