Ауа райы
1 мин оқу 145
3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК ел аумағында 3 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің болжамынша, антициклон еліміздің батыс бөлігіне әсер етеді.
«Республикамыздың шығыс жартысы фронтальды аймақтың әсерінде болады, сол себепті жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр түсіп, найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ, батыста шаңды дауыл болады деп болжанды», делінген ақпаратта.
Бөлісу: