Оқиға
1 мин оқу 286

Ақтөбе облысында тағы бір бала қарғын суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында тағы бір бала қарғын суға батып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Мой город&raquo; басылымына сілтеме жасап.</p>

Ақтөбе облысында тағы бір бала қарғын суға батып кетті

Қайғылы оқиға 2 сәуірде Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында болған. Он жастағы бала көшеде достарымен ойнап жүрген кезде тайып кетіп, еріген суға құлап кеткен. Су терең болып шықты.

Балалар болған оқиғаны үлкендерге хабарлаған. Олар баланы судан алып шыққанда, тым кеш болып шықты. 

Бала жас отбасының тұңғышы болатын. Ерлі-зайыптылардың тағы екі қызы бар. 

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ебейті ауылында төрт жасар бала еріген суға батып кеткен болатын. Бала ағасы екеуі далада ойнап жүріп, еңістен арыққа құлап, тұншығып қалған.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында тағы бір бала қарғын суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар