Әлем
1 мин оқу 241

7,5 балл. Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі болды

<p style="text-align: justify;">Тайвань аралының шығыс жағалауында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Аралға көршілес елдер цунами қаупі туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

7,5 балл. Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі болды

АҚШ Геологиялық қызметі мәлім еткендей, эпицентр Тайваньның Хуалян қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде орналасқан. Сейсмологтардың айтуынша, бұл Тайваньдағы соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі. 

Билік өкілдері қанша адам зардап шеккені туралы ақпарат бермеді. Алайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жер сілкінісі салдарынан құлаған ғимараттардан, соның ішінде мектептер мен тұрғын үйлерден эвакуациялау жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін Жапония мен Филиппинде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. Бұл туралы BBC агенттігі мәлімдеді. 

Айта кетсек, мамандар мұндай жер сілкінісі апта ішінде тағы қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Осыған дейін 1999 жылдың қыркүйегінде Тайваньда 7,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 5 мыңнан астам ғимарат қирап, 2 400 адам қаза тапты. 

Бөлісу:
7,5 балл. Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең ірі жер сілкінісі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар