Бизнес
1 мин оқу 131

Ірі кәсіпорындар бизнесті қолдауға тиіс

<p style="text-align: justify;">Отандық өндірісті ынталандыру үшін Премьер-министр жыл соңына дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен жа&shy;са&shy;латын оффтейк-келісімшарттарының санын кем дегенде екі есеге арттыруды тапсырды. Егер бұрын бұл жұмыс ерікті түрде жүр&shy;г&shy;ізілсе, қазір заңнамада ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ бел&shy;деуін құру және олармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу мін&shy;деті бекітілген.</p>

Ірі кәсіпорындар бизнесті қолдауға тиіс

Бүгінгі таңда ірі тапсырыс беру­ші­лер мен отандық өндірушілер арасында моно­қалаларда 24,5 млрд теңге сомасы­на 20 ұзақмерзімді шарт және 47,3 млрд теңгеге 13 оффтейк-келісімшарт жа­сал­ды.

Қолданыстағы тетік аясында моно­қа­лалардың бірқатар кәсіпорны жет­кізу­шілермен тиімді бағамен шикізат­тың қажетті көлемін жеткізу жөнінде ке­лі­сімдер жасасты. Үкімет басшысы бұл шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Ірі компаниялардың айнала­сында шағын және орта биз­нес субъектілерінің белдеуін дамы­ту қажет. Бұл ірі ком­па­ния­лардың мін­деті болуы керек. Үкімет тарапынан олар­ға көмек көрсетілуде. Өз кезегінде олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек», деді Үкімет отырысында Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда 14 моноқалада 1,5 мың­­нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 70%-дан 100%-ға дейін жүктелген. 2023 жылы кәсіп­орын­дардың өндіріс кө­лемі 18,5 трлн теңгені немесе жалпы рес­­пуб­ликалық көрсеткіштің 40%-ын құрады.

Бөлісу:
Ірі кәсіпорындар бизнесті қолдауға тиіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар