Спорт
1 мин оқу 120

«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының дене шынықтыру басқармасы &laquo;Ордабасы&raquo; ФК 2023 жылғы шығындар сомасын жария еткен есебін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған

Sports.kz сайтының жазуынша құжатта: «Балалар футбол орталығы - 1,2 миллиард теңге. Футболдан Премьер-Лиганың матчтарына қатысу - 1,2 миллиард теңге. Конференция Лигасының матчтарына қатысу - 1,4 миллиард теңге. Футболшылардың жалақысы - 1,1 миллиард теңге», делінген.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы орган тарапынан күтпеген шығыстарға арналған резервтен «Ордабасы» компаниясының 2 миллиард 227,5 миллион теңге көлемінде салық берешегін өтегені аталған.

Естеріңізге салайық, өткен маусымда «Ордабасы» өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Премьер-Лигасының «алтынын» жеңіп алды.

Бөлісу: