Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер елімізде 4, 5, 6 сәуір күндері қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің мәліметінше ел аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етеді. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 15-20 градус Цельсийге дейін көтеріледі.
Ал Қазақстанның қалған бөлігінде фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын жауады. 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, түнде және таңертең ел бойынша тұман түседі.