Су тасқыны: Бірнеше автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ауа райының жылынуы және қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірнеше учаскесінде су тасқыны болып, бірнеше жол бөліктерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық жолдарда 722 бірлік техника мен 1787 адам жұмылдырылған.
3 облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 955 метр болатын су тасқыны болды.
4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында (ұзындығы 336 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Осыларға қоса, шұғыл ақпарат келіп жетті. Хабарламада: «4 сәуірдегі сағат 16:00 шамасында еріген қар суы салдарынан Маңғыстау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды», делінген.